Қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде.
«Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем!» тақырыбы аясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Біздің мемлекетімізде бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері “Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар” құжатына қол қойған.
Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
