Президенттің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте халыққа дәстүрлі жолдауын жасады.

Жолдаудың негізгі бағыттары:
• 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды;
• “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына 10 млн-нан астам адам қатысып, экологияны қорғау басты назарда;
• Аграрлық экспорт пен логистика: Вьетнамға алғашқы қазақстандық бидай жеткізілді, жаңа нарықтарға жол ашылуда;
• Цифрландыру: “Smart Cargo” бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі;
• Ауыл шаруашылығы: 2026 жылдың ортасына дейін бос жатқан жерлерді ауыл шаруашылығына беру тапсырылды.

Президент Жолдауы – Әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты қадамдар мен халық игілігіне арналған стратегиялық шешімдер.