Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан жастар премиясы-2023» байқауының марапаттау кеші өтті.
Байқаудың мақсаты: Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау және облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау.
Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы жылдың үздіктерін марапаттады. Аталған іс шарада «Түркістан жастар» премиясы аудан, қала жастары арасындағы номинация бойынша «Үздік жас студент» номинациясымен Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің студенті Гусейнова Севинч Курбановна марапатталды.