«Білім беруді дамыту орталығы » КММ-сі «2023-2024 оқу жылында
Қазакстан Республикасынын орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінін ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұскау хатты басшылыққа ала отырып, Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде Республикалық «ДЕНЕ СЕРГІТУ» челленджі ұйымдастырылды.
Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады. Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер. Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу. Ағымдағы жылы республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланды. Соның бірі – оқытушылар мен студент жастардың қатысуымен «Сергіту сәті» челленджі.
Челлендждің мақсаты – студенттердің салауатты өмір салтын насихаттау.
Челлендждің міндеттері:
Физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
Оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;
Деніміздің саулығы үшін бала күнімізден денсаулығымызды күтуді, жақсартуға, шынықтыруды үйренуіміз керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, оның ережелерін, шарттарын сақтауымыз керек. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты сақтауға, жақсартуға бағытталған біздің әрекеттеріміз.