5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік шара өткізілді.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Шараның да негізгі мақсаты – колледжде білім алатын барлық ұлт өкілдерінің өз ана тілін құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелей отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Мерекелік шарада колледж студенттері мемлекеттік тіл мен қатар ағылшын, орыс тілдерінде ән, өлең орындап, көрермендерге сахналық қойылым көрсетті.