Білім беру саласындағы цифрландыру туралы

2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру саласындағы цифрландыру туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Үкімет сағаты шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жоғары білім беру дейін базалық цифрлы білім беру қызметтерінің көрмесі жоспарланған.

Мектепке дейінгі тәрбие саласында балабақшаларда кезекке қою және бөлудің автоматты жүйесі ата-аналар үшін орындарды бөлу тәртібін, ата-ана мен мемлекеттік қызметшінің байланысын азайтуға, сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауға мүмкіндік береді.

Орта білім беруде ата-аналар үшін мектепті таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мектеп 1-сыныпта балаларды тіркеу жүйесі бар, сонйдай-ақ оқу үрдісін автоматтандыру жүйесі «Күнделік»  және «bilimland.kz» цифрлық білім беру ресурстары ұсынылады.

2013 жылы Мемлекеттік басшысының тапсырмасымен Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесі іске қосылды. Мұндағы міндет – ведомтстволық статистикасы қағаз күйінде жинауды тоқтату.

Жоғары білім беруде толық статистикалық есептілікті ұсынатын «Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесін» ұсыну жоспарлануда.

Сондай-ақ UStudy аймақтық тестілеу орталығы – ыңғайлы кең зал, барлық жағдайы қарастырылған, жаңа технологиямен сынама тест өткізуге мүмкіншілік жасап отыр. 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі