Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жоспарлы жиналыс өтті.
Аталмыш жиналыста:
Қазіргі жастар арасындағы құқық бұзушылық;
Лудомания;
Жастар арасында өршіп тұрған буллинг;
Ата – ана тарапынан балаға қысым көрсету;
Ішкі тәртіпке бағыну сияқты өзекті тақырыптар қозғалып, түсіндірілді.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған бұл жиналысқа:
Сарыағаш қаласы АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры: Жаникулов Олжас Туреханович;
Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты: Ташполатов Азизбек
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сеитов Ергали Тургелдиевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Кудиярова Айгуль Маликовна және топ кураторлары қатысты.
Әрбір азамат қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлес қосуы тиіс.
Құқық бұзушылықсыз орта – біздің болашағымыздың кепілі.
