Арнайы пәндер оқытушысы «Хирургиялық аурулар» пәнінен «Жарақатты біріншілік өңдеу» ЖБО тақырыбы бойынша, іс әрекет алгоритмін көрсетіп түсіндірді.
- Біріншілік хирургиялық өңдеу туралы негізгі түсінік
II.Негізгі бөлім
2. Біріншілік хирургиялық өңдеудің түрлері
3. Біріншілік хирургиялық өңдеудің кезеңдері
4. Хирургиялық түйіндерге қойылатын талаптар
5. Қол, аяқ – аймағындағы жарақаттарды бірінші хирургиялық өңдеудің ерекшеліктері
Біріншілік хирургиялық өңдеу дегеніміз – жансыздандыру және асептика шараларын сақтай отырып жарақатқа жасалатын біріншілік операция.
Біріншілік хирургиялық өңдеу мақсаты:
-өмір сүруге жарамсыз тіндерді алып тастау;
-жараны қажетсіз микрофлорадан тазартып,инфицирленудің алдын алу;
Біріншілік хирургиялық өңдеудің түрлері
Ерте біріншілік хирургиялық өңдеу.
Жарақаттанған уақыттан 24 сағатқа дейін жасалады.
Әдетте біріншілік тігістерді салумен аяқталады.
Кешіктірілген біріншілік хирургиялық өңдеу 24-48 сағат аралығында жасалады.
Антибиотиктерді енгізумен жүргізіледі.
Өңдеуден кейін жарақатқа тігіс салынбайды. Содан кейін біріншілік кешіктірілген тігіс салынады.
Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу – 48 сағаттан кейін жасалады. Бұл кезде жарақаттың инфекциялық асқынуы болады.
Кеш хирургиялық өңдеудің кезеңдері:
– жара каналын ашу;
– некрозданған тіндерді алу;
– дренаждауға қолайлы жағдай жасау.
Бұл кезде тіндерде қабыну белгілері болса да қол аяқтың жарақаттарында мұқият тігіс салуға болады.