Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұзақ жылдар бойы бостандық үшін күрес жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіз біздің халқымыз үшін аса қымбат екенін көрсете отырып, сол кезеңнің көрнекті өкілдерін, халқымыздың мұңын ойлаған, қазақтың жазықсыз жалаға ұшыраған зиялыларын, соғыс – жанын қиғандарды, Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі – өнеге ете отырып, оқушыларды елін, жерін, қорғауға дайын болуға, қоршаған ортаны аялауға және өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Осыдан 32 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 32 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас — қағым — ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата — бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат.