АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ – ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

24 қараша күні Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ жоспары аясында ауданымыздың этнос жастары арасында «ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ-ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» атты аудандық байқау өтілді. Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында қазақ тілін жетік меңгерген этнос жастарын анықтау, тілімізді құрметтеуге бағытталған ісшара болып табылады.
Байқау шарттары:
1. Сәлем сөздің атасы
2. Мақал сөздің маржаны
3. Мемлекеттік тілді білу парызың!
4. Үй тапсырмасы сынды кезеңдерде жастар өз ара бақ сынасты.
Аталмыш байқауға колледжіміздің 3 курс студенті Мамедова Фатима Лямиясовна қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Сонымен қатар «ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ-ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» атты аудандық байқауына оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбилеп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін 3 курс студенті Гусейнова Севинч Курбановна арнайы Алғыс хатпен марапатталды.