Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары екендігі айтпасақ та белгілі. Әсіресе қоғамда болып жатқан аты жаман індетпен күресуде дәрігерлердің қоғамдағы рөлі одан сайын айқындалып, еңбегі жоғары бағаланып жатқандай. Қазіргі заманның батырлары деп дәрігерлерді айтуымыз керек деп білемін. Ежелгі жаугершілік заманда батырларымыз жаудан елін, жерін, халқын күн демей, түн демей қалай қорғаса, дәл солай қазіргі таңда дәрігерлер адамдардың өмір сүруі үшін індетке қарсы тұруда. Тіпті індетпен күресу жолында өзіңе де қауіп төнетінің білсе де , отбасынан жырақ жүрсе де адамдарға өмір сыйлаудан еш жалықпаған. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап, өзі қайтыс болған ақ халатты абзал жандар өте көп.Әсіресе пандемия басталғалы көптеген ақ халатты абзал жандарымыздан айырылып жатырмыз. Ерлікпен қаза тапқан ақ халатты абзал жандар ел есіңде мәңгі қалатынына сенімдімін.
Мақсаты: Өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуі.
Ашық сабақта қозғалған тақырыптар:
- Дезинфекция, стерилизация.
- Алдын алудың стандартты шарттары. ЖҚТБ, АИТВ.
- Кей бір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері.
- Теріні күту, ойылудың алдын алу.
- Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу. Сұйықтықты көктамырға енгізу іс әрекеттері. Көк тамырға инекция жасау алгаритмі. Системаны құрастыру.
- Оттегі жастықшасынан ылғалды оттегін беру.
- Тері ішіне тері астына бұлшық етке иньекция орындау алгоритмі.