Үздік Фельдшер – 2023 ж

          Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде жыл сайын атап өтілетін 2023 жылғы 10 наурызда колледжде «Емдеу ісі» мамандығы  аясында арнайы пәндер оқытушыларымен  «Үздік фельдшер-2023» кәсіби байқауын өткізді. Байқауға бітіру топтарының студенттері қатысты.

         Сайыстың мақсаты: Түлектердің арасынан үздік студентті анықтай отырып, таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілікті ояту, орта буын медицина қызметкерлеріне артылған жауапкершілігі зор мамандық иелеріне адам өмірін сақтап қалуда шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі сапалы көмек көрсетуді жүзеге асыру.
        Ал тәжірибелі ұстаздар білікті, білімді мамандарды даярлаудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, қиын да жауапкершілігі мол еңбек жолында жетістіктерге жетуге тілектерін білдірді.

Байқау нәтижелері бойынша:

« Үздік фельдшер-2023 » Қалабай Мерей Жеңісқызы
1-ші орынды Ғаппаров Мақсут Досалыұлы
2-ші орынды Төлеп Камила Маханқызы
3-ші орынды Амирбекова Шұғыла Баратқызы иеленді .
Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан номинациялармен сыйлықтар берілді.