Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян. Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді. Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады. Қазақ халқы «жер мен көктің жаңаруы», «тіршіліктің бастауы» және «күн мен түннің теңелген уақыты» деп Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өтіп келеді. Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде наурыз мейрамы аталып өтті. Киіз үй тігіліп, мерекелік концерттер өтті. Ұлттық спорттық ойындардан «Гір тасын көтеру, арқан тартыс және қол күресінен» спорттық жарыстар өтті. Жарысқа қатысқан студенттер мадақтама қағазымен марапатталды. Ал, мерекеде бір-біріне тілектер тілеп, кешірімде болып мұқтаж жандарға қол ұшын беретінін байқауға болады. Ең бастысы – дастархан сәнін келтірген. Барлық халықтарда, бай дастархан – келе жатқан жаңа жылда молшылық пен ырысты алып келеді деп сенгенін пайымдауға болады. Тәуелсіз елімізге барыс жылы кіріп келді. Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз құтты, ақ мол болсын!