Үйірме: Хирургия

Хирургия – емдеу саласында терапия және гинекологиямен бірлесе отырып қазіргі уақыттағы клиникалық медицинаның негізін кұрайды.  Негізінде хирург жұмысының ауырлығы мен күнделікті жауапкершілігі осы бір мамандыққа адамды қызықтыра түсетін тартушы күш болып саналады.

«Хирургия» деген сөз  нені білдіреді? Сөзбе-сөз аударғанд а ол «қолмен жүмыс істеу» деген мағына.

«Хирургия» деген термин « қолмен жүмыс істеу дегенді білдіргенімен» қазіргі заман хирургі тек қолымен ғана жұмыс істемеуі керек. Ол білімді, хирургиядан басқа медицина салаларынан да хабардар болуы тиіс. Операция жасау – ауруды емдеудегі ең маңызды кезеңдердің бірі ғана. Хирург науқасты операцияға дайындаумен қоса операциядан кейін де дұрыс жүргізуді білуі қажет. Сонымен бірге ол қай кезде ауруға операция жасауға болатындығын және дұрыс диагноз қоюды білуі керек. Біраз уақыт бұрын хиругия көп саланы қамтитын үлкен ғылым болған

.