ЖИТС ІНДЕТ, БІЛУ МІНДЕТ

           1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Абу Али Ибн Сина жоғарғы колледжінде «ЖИТС індет, білу міндет» тақырыбында Сарыағаш аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Ақмарал Аширова студенттермен кездесті. Кездесуде АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу жолдары мен қалай сақтануға болатындығын, сонымен қатар өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау керектігін, салауатты өмір салтын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.