Жатақхана

«Абу Али Ибн Сина» жоғары колледжінің мүлкінде студенттер үшін барлық жағдайы жасалған, 30 орынға есептелген жатақхана бар. Жатақханада электрлік плита және қысқа толқынды печпен жабдықталған ас үйі бар. Жатақхана студенттері үшін шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары және үстел тенисі ойындары үшін бастырма жасалған.

Жатақханада құқық бұзушылықты алдын алу және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында, жатақхананың қауіпсіздігі, сондай-ақ тазалықты сақтау үшін бейнебақылау камералары орнатылған.

Жатақхана студенттермен жатақхананың өзін-өзі басқару органын сайланған. Жатақхананың студенттік кеңесі, жатақхана тұрғындарын ерікті түрде қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Студенттік кеңес жатақхана аумағындағы құнды заттардың сақталуын бақылау үшін, және мәдени іс шаралар  ұйымдастыру жұмыстары бойынша колледж әкімшілігіне көмек көрсетеді.

Жоспарлы түрде жатақхана студенттерімен тәрбие жұмыстары жүргізілуде.