Ардагерді ардақтайық

Ардагерді ардақтайық

Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына байланысты «Ардагерді ардақтайық»  медициналық колледжінің студенттері «Өзін – өзі басқару» кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Юсупов Иманəлі атамыздың үй шаруасындағы жұмыстарына көмектестіп, ардагердің үйінің ауласын тазалады. Жігерлі жастырымыз қарияның отын-суын тасып, азық-түлігін жеткізіп беруге көмектесті. Ал қыздар үй ішіндегі тазалыққа кол ұшын берді жәнеде студент жастар ардагерге домбырамен əн салып ақсақалдың батасын алды. Жастардың қажырлы еңбектерінен кейін майдангер атамыз соғыс кезіндегі жеңістері мен жеңілістері туралы естеліктерімен бөлісті. Атамыз өзінің жеңістен кейінгі өмірі, жанұялары жайында, соғыстан кейінгі қираған ел экономикасын көтеру бағытында атқарған еңбектері мен табыстары туралы әңгімелеп берді. Ардагер атамыз жастардың қамқорлығына, көмегіне дән риза екенін жеткізді. ҰОС ардагерлеріне бүгінгі өскелең ұрпақ яғни біз жастар шын пейілімен көмектесіп, ерліктеріне алғыстарымызды жеткіземіз.