Медициналық өнімді қадағалау жүйесін енгізу

2018 жылғы 4 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық ұйымдар, соның ішіндегі кәсіби медициналық қауымдастықтар, жекеменшік медициналық ұйымдар өкілдерінің және басқа мүдделі тұлғалардың қатысуымен Қазақстандағы медициналық өнімді қадағалау жүйесін құру және енгізу жөніндегі талдау нәтижелеріне көпшілік талқылау өткізіледі.

Іс-шара барысында Қазақстандағы медициналық өнімді қадағалау жүйесін құру және енгізу жөніндегі талдау нәтижелері талқыланатын болады. Бұл: өндірушіден тұтынушыға дейін медициналық өнімді қадағалау, елдің фармацевтикалық нарығындағы фальсификацияланған медициналық препараттар айналымын анықтау және онымен күресу, Қазақстан заңнамасын қолдан жасалған фальсификацияланған контрафактылы медициналық препараттармен күресуге қатысты халықаралық нормалармен сәйкестікке келтіру.

Қолданылатын шаралар халықтың дәрілік қауіпсіздігін арттыру; фальсификацияланған контрафактылы медициналық өнімнің айналымға түсуінен болатын халықтың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді төмендету; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық ұйымдарда медициналық өнімнің тауар қорларының болуын және қозғалысын мониторингілеу үшін жағдай жасау; медициналық өнім айналымы саласындағы бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.