Ашық есік күні «№30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сарыағаш ауданы, Таскескен ауылындағы  «№30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушылары мен оқушылары колледждің оқу материалдық базасымен тануысуға экскурсия жасады. Директордың бейін ісі- жөніндегі орынбасары Ш.Турысбекова, директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары А .Калимбетова және тарих пәнінің мұғалімі Т .Жарылқасын ағайларымен бірге мектеп оқушылары қадам басты. Талапкерлер оқу орнындағы мамандықтармен танысып кабинеттерді аралап оқу материалдық базасынан хабардар болды. Білім ошағымыздың бағытымен бағдарын оқытушыларымыз түсіндірме жұмыстарын жүргізді.