Ораза айы құтты болсын

Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің оқытушыларымен студенттердің ұйымдастыруымен Рамазан айына орай кешке ауызашар өткізілді. Рамазан айында Алланың алдында ең ұнамды іс – ауыз аштыру екені мәлім. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бұрыннан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз болып табылады. Студенттер өздері түрлі тағамдар мен тәттілерді пісіріп, кішігірім дастархан жайылып, оқытушылар Құран бағыштады.
Осылайша студенттер бір-бірлеріне деген құрметтерімен, ауызбіршілігін және достығын көрсетті.