Жарақатты біріншілік өңдеу

Арнайы пәндер оқытушысы  «Хирургиялық аурулар» пәнінен   «Жарақатты біріншілік өңдеу» ЖБО тақырыбы бойынша, іс әрекет алгоритмін көрсетіп түсіндірді.

  1. Біріншілік хирургиялық өңдеу туралы негізгі түсінік
    II.Негізгі бөлім
    2. Біріншілік хирургиялық өңдеудің түрлері
    3. Біріншілік хирургиялық өңдеудің кезеңдері
    4. Хирургиялық түйіндерге қойылатын талаптар
    5. Қол, аяқ – аймағындағы жарақаттарды бірінші хирургиялық өңдеудің ерекшеліктері

Біріншілік хирургиялық өңдеу дегеніміз – жансыздандыру және асептика шараларын сақтай отырып жарақатқа жасалатын біріншілік операция.
Біріншілік хирургиялық өңдеу мақсаты:
-өмір сүруге жарамсыз тіндерді алып тастау;
-жараны қажетсіз микрофлорадан тазартып,инфицирленудің алдын алу;

Біріншілік хирургиялық өңдеудің түрлері

Ерте біріншілік хирургиялық өңдеу.
Жарақаттанған уақыттан  24 сағатқа дейін жасалады.
Әдетте біріншілік тігістерді салумен аяқталады.
Кешіктірілген біріншілік хирургиялық өңдеу 24-48 сағат аралығында жасалады.
Антибиотиктерді енгізумен жүргізіледі.
Өңдеуден кейін жарақатқа тігіс салынбайды. Содан кейін біріншілік кешіктірілген тігіс салынады.

Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу – 48 сағаттан кейін жасалады. Бұл кезде жарақаттың инфекциялық асқынуы болады.
Кеш хирургиялық өңдеудің кезеңдері:
– жара каналын ашу;
– некрозданған тіндерді алу;
– дренаждауға қолайлы жағдай жасау.
Бұл кезде тіндерде қабыну белгілері болса да қол аяқтың жарақаттарында мұқият тігіс салуға болады.