Үздік топ -2023

17 қараша – халықаралық студенттер күніне орай Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде 1-4 курс студенттернің арасында «Үздік топ -2023» атты видеоролик байқауы өткен болатын. Аталмыш байқауға студенттер белсенді қатысып, өздерінің студенттік өмірімен бөлісті .
«Үздік топ -2023» байқауының мақсаты:
Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
«Үздік топ -2023» байқауының шарттары бойынша әр топ өзінің студенттік өмірін (сабақ барысын, колледждегі қызықты сәттерін, жасаған игі істерін) видеоға түсіріп, дайындаған видеоролигін көрермендерге ұсыуы қажет болатын.
Аталмыш байқауға белсенді қатысып 2-ші орынды 0401 фельдшер және 0301 фельдшер тобы иеленген болатын. Желтоқсан айының 26-шы жұлдызында колледж директорының ұйымдастыруымен 0401 фельдшер және 0301 фельдшер тобының студенттері кураторларымен бірге Шымкент қаласына кинотеатрға барып келді.