КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2023

           Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде Алтын күз мерекесінде «Күз ханшайымы – 2023» байқауы ұйымдастырылды.

           Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған.

           Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жақып Альбина Нұрғалиқызы
1-ші орынды: Бердибек Жанар Бахбергенқызы
2-ші орынды: Насриддин Жанерке Нуриддинқызы
3-ші орынды: Мекенбаева Диляра Жеңісбайқызы иеленді.
Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткер аруларымызға ұйымдастырушылар тарапыннан арнайы алғыс хаттармен сыйлықтар берілді.