Ұстаз – ұлы тұлға

Қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру  саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде 5 қазан күні « ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА » тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.      Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.  Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!