Спорт – күш, спорт – өмір.

7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық күніне орай,  Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде «Спорт – күш , спорт – өмір»  тақырыбында көктемгі таңғы жаттығу марафоны ұйымдастырылды.  Аталмыш  жаттығу марафонына колледжіміздің ұстаздары мен студенттері қатысты.

          Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, студенттерге  денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы,  қазіргі таңда денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1948 жылы құрылған күні тойланады. Сол тарихи сәттен бері өткен уақыт ішінде әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) мүше болды. Ол адамдардың өмірінде денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін түсінуі және бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсарту үшін не істеу керектігін шешуі үшін өткізіледі.