Үздік мейірбике – 2023 ж

2023 жылдың 09 наурыз күні Абу Али Ибн Сина жоғары колледжіннің әкімшілігінің қолдауымен  «Ең үздік мейірбике – 2023» кәсіби байқауын өткізді. Байқауға бітіруші топтарының студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Сайыстың мақсаты: Түлектердің арасынан үздік студентті анықтай отырып, таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілікті ояту, орта буын медицина қызметкерлеріне артылған жауапкершілігі зор мамандық иелеріне адам өмірін сақтап қалуда шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі сапалы көмек көрсетуді жүзеге асыру.

Тәрбиелік: Студенттің адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынасын, нанымын, идеалдарын, эстетикалық сезімін , тәртібі мен еңбек сүйгіштігін қалыптастыру.

Ал тәжірибелі ұстаздар білікті, білімді мамандарды даярлаудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, қиын да жауапкершілігі мол еңбек жолында жетістіктерге жетуге тілектерін білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша
«Ең үздік медбике-2023» Буранова Мадина Жадигер қизи
1-ші орынды Рахматуллаева Мөлдір Асатиллаевна
2-ші орынды Мухамедова Гулсара Жамшид кизи
3-ші орынды Оралбаева Перизат Ерзийуарқызы иеленді.
Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан номинациялармен сыйлықтар берілді.