Ашық сабақ: Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс

Тақырыбы: «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс»

Сабақтың мақсаты: Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс

Сабақтың міндеттері: Студенттер әр өткен тақырып бойынша, науқастарға алғашқы көмекті көрсете білу және мейірімді сабырлы күйде күтім жасау.

Білімділік:  науқастарға кез келген көмекті көрсете білу.

Ас қорыту жүйесі -қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.