Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік

           Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде ұстаздар күніне орай «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «Адамның адамдығы жақсы ұстаздан» – дейді хәкім Абай. Қазан айының бірінші аптасы ұлы қызмет иелері- мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Осы мерекеге орай колледжіміздің студенттері ұстаздарына деген алғысын, құттықтау тілектерін осы іс-шара барысында жеткізе білді. Осы күні колледжде ұстаздар студенттеріне емес, студенттер ұстаздарын мерекелік көңіл күймен күтіп алды.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына әрқашан дәл осылай бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын!