Құқық бұзушылықтың алдын алу

«Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі» білім мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.К.Сарыбаев Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі майоры В.Наврузовпен бірге колледждің 1-2-3 курс студенттері арасында жиналыс өткізді. Жиында жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық, құқық бұзушылық, суицид, әлімжеттік, ұрлық, ерте жүктілік сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы айтылды, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында қатысушылармен сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Өз ойын ортаға салып, пікір білдіремін деуші жасөспірімдермен ашық диалог құрды. Бүгінде ғаламтордағы кейбір арандатушы сайттардың жымысқы мақсаттары мен мүдделері жайында сөз қозғап, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін колледж студенттерінің арасында осы мәселе бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқандығында айтып өтті. Жасөспіпімдер арасында ақша жинау, қорқытып ақша алудың өте үлкен қылмыс екенін беймезгіл уақытта көшеге шықпау, себепсіз ойын сауық орындарына бармау ережелерімен толық таныстырып, сонымен қатар тексеру рейд жүргізілу барысында ұсталған студенттердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылатындығын да ескертті. Осы айтылған мәселелердің үгіт-насихат жұмыстарын бірауыздан тыңдап, студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.