Елі үшін туған – Елбасы

 

Абу Али Ибн Сина жоғары колледжіне 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні мерекесіне арналған  «Елі үшін туған – Елбасы» атты іс – шара өтті.

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.