Студенттік лига

           Сарыағашта футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті.  Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады.  Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі ойынға жақсы деңгейде қатысып «Кіші футбол» және «Ләңгі тебу» ІІІ- орынды иеленді.