ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары бүгін Абу Али Ибн Сина жоғары коледжінде болып, студенттермен және оқытушылар қауымымен кездесу өткізді.
Жиынның басты мақсаты – жастардың жат ағымдар жетегінде кетуіне жол бермеу.
Аталған орталық ішіндегі «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы Умаров Бағлан жастарға «Ғаламтор арқылы жат ағымдардан сақтану» тақырып аясында баяндама оқып, мысал ретінде видеороликтер көрсетті.