Қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар қауымының төл мерекесі.
“Ұстаздық ету – жәй ғана кәсіп емес, ешкімге бұйыра бермейтін ұлы – өнер”, бұл – ұлағат иелері жайлы айтқан Елбасының сөзі және қолдауы. Осындай қолдаудың арқасында, ұстаздар қауымы ұрпақ тәрбиесі жолында аянып қалған емес. Ауданымыздағы Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің басшысы Э.А.Кожабаева мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады.
Іс-шара барысында ұстаздық жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мұғалімдердің еңбектері еленіп, құрмет грамоталарымен марапатталды, сондай-ақ тәлім – тәрбие беруде елеулі еңбек етіп жүрген білім саласының үздіктері де арнайы төс белгімен сыйлықтармен марапатталды.
Мереке соңы колледж студенттерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.