ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

1 қазан – Қарттар күніне орай бүгін, Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің студенттері Сарыағаш қаласының қарт тұрғыны еңбек ардагері Исабаева Мухтарам  апамызды мерекемен құттықтап, сый-сыйапатын табыстап, қал – жағдайын сұрап, үй жұмыстарына көмектесіп қайтты.

Еңбек ардагері  Исабаева Мухтарам апамыз 1928 ж 5 қаңтарда туылып 1948 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін, Сарыағаштағы ауруханада акушер – гинекология бөлімінде мейіргер болып жұмыс жасаған екен. Студенттер ардагер апамызды құттықтап қана қоймай, әсерлі әңгімелерінде тыңдады. Ардагер  апамыз өз өмірбаяны туралы, соғыс, медицина және өзі тұрып жатқан Сарыағаш қаласының тарихы жайлы әңгімелерімен бөлісті. Студенттер үшін ардагерлер кеңесші, ұстаз әрі үлгі тұтар ұлы тұлға болып табылады.

Айтулы мерекемен құттықтап қал-жағдайынан хабар алған студенттерге еңбек ардагері ғасырға жуық өмір сүрген  Мухтарам апамыз  алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Бұл игі істі қолға алудағы басты мақсат – жастарға үлгі көрсетіп, үлкенді құрметтеу, сыйлау және оларға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Алдағы уақыттада  бұл қайырымдылық іс-шарасы жалғасын табады деп ойлаймыз.