БІЗ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫМЫЗ

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Алтын орда» қоғамдық бірлестігі және Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз» атты жастар арасында флэшмоб және жастарға арналған «Ақ пен қара» атты тақырыптық театрланған көрініс болып өтті. Бұл іс-шараға жоғары колледжінің студенттері, жастары қатысып белсенділік танытты.