«Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев Абу Али Ибн Сина медициналық коледжінің студенттерімен кездесті. Кездесуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын толық түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, студенттерге сәттілік тіледі.