Үздік мейірбике – 2025 жыл

Сайыстың мақсаты: студенттердің түрлі ағзалар мен жүйелердің бұзылыстары кезінде науқасқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету тапқырлығын анықтау. 

“Үздік  мейірбике” байқауы – болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жақсартуға арналған маңызды шаралардың бірі. Байқаудың басты мақсаты: студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдану қабілетін тексеру, шұғыл жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру және үздік мейірбикені  анықтау. Сайысқа  III – IV курс студенттері қатысты. Олар алғашқы медициналық көмек көрсету, диагностика, науқастың жағдайын бағалау, шұғыл шешім қабылдау сияқты түрлі тапсырмалар бойынша сынға түсті. Студенттерді кәсіби дәрігерлер мен тәлімгерлер бағалады.

 Сайыстың нәтижесі бойынша:

Бас жүлдені Қалсейтова Диана Ерболқызы иеленіп «Үздік мейірбике – 2025» атанды

1-ші орынды Оңал Хадиша Тастемирқызы;

2-ші орынды Абубакирова Балқадиша Жайыкбаевна;

3-ші орынды Мошқал Айсара Нурғалиқызы иеленді.

Қалған қатысушы қыздарымыз Бердібек Жанар Бахбергенқызы  мен Тухтиева Улбосын Алижанқызы арнайы марапаттау сыйлықтары табысталды.