Ең үздік фельдшер – 2025 жыл

Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі бойынша IV- курс студенттері арасында «Үздік фельдшер-2025» кәсіби сайысын өткізілді.

Сайыс мақсаттары:

  1. Денсаулық сақтау аумағындағы қазіргі заманға сай халыққа науқастарға дәрігерге дейінгі, емдеу – профилактикалық сапалы көмек көрсетуді жүзеге асыруға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге байланысты «Ішкі аурулар және хирургия» пәндерінен студенттерді оқытуда ішкі ағзалардың негізгі ауруларын диагностикалауды, нозологиялық формаларға саралау диагностикасын жүргізуді, науқастарды тексеру жоспарын құру, тексерудің нәтижесін саралауға үйрету.
  2. Әртүрлі танымдық әрекеттерді қолдана отырып, клиникалық диагноз қою және оны дәлелдеу, шұғыл жағдайларда көмек көрсету мен аурулардың өзіне өзі көмектесуді жүзеге асыруға үйрету.
  3. Әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәжірибелерін меңгеруді үйрету.
  4. Кенеттен өлім жағдайында жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу әдістемелерін меңгеруді үйрету.
  5. Студенттердің таңдаған мамандығы бойынша кәсіби іскерліктерін және тәжірибелік дағдыларын игеру, дамыту. Сайыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені – Гусейнова Севинч Курбановна, Жақсылықова Гүлдәр Асылбекқызы және Мекенбаева Диляра Жеңісбайқызы бірдей 125 ұпаймен алдыға шығып, «ЕҢ ҮЗДІК ФЕЛЬДШЕР – 2025» номинациясын иеленді .

1 – орынды Жусуп Диас Елтайұлы;

2 – орынды Алайдаров Ернар Есболұлы;

3 – орынды Абдымуталып Аделя Талғатқызы иеленді .

Жеңімпаздарды жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Өзге қатысушыларға да белсенділік танытып, қатысқандары үшін мадақтама берілді.