Менің отбасым-менің тірегім

          Мақсаты: Оқырмандарға 15 мамыр-Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру, отбасы, жанұя құндылықтарының маңызын дәріптеу. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету

Сарыағаш аудандық орталық кітапхананың ұйымдасты-руымен 15 мамыр -Халықаралық Отбасы күніне орай «Менің отбасым-менің тірегім» атты коуч сағаты болып өтті.

Шараға Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің студенттері, оқырман отбасылар, педагог мамандар қатысты. Кітапханашы Мырзабаева Лола бүгінгі коуч сағаты барысында, қатысушыларға отбасы мен ата-ананы бағалау керек екенін, отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын айтып өтті.

Студенттер өз отбасыларының суреттерін салып, түрлі психологиялық ойындар ойнады. Ата-анасына, бауырларына деген сүйіспеншіліктерін, жылы лебіздерін қоңырау шалып, білдірді.