Түркістан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен. 2025 жылдың 13 мамырында «2025-Жұмысшы мамандықтар жылы» және Халықаралық мейіргерлер күніне орай, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттер арасында «Medical Soft Skills» атты аймақтық чемпионаты ЖШС «Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі» базасында өткізілді.
Байқаудың мақсаты – медициналық колледждердің 09120100 – «Емдеу ісі», 09130100 – «Мейіргер ісі» мамандықтары, бойынша бітіруші курс студенттерінің білімдері мен дағдыларын дамыту, шұғыл жағдайларда көмек көрсету қабілеттерін, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, өзара байланыс орната отырып тәжірибе алмасу.
Чемпионатқа «Жетісай жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК, Жанықұл медицина колледжі, Арыстанбаб жоғары колледжі және Абу Али Ибн Сина жоғары колледждерінің студенттері қатысты. Әр қатысушы өз колледжінің намысын қорғап, кәсіби дағдыларын тәжірибелік тапсырмалар арқылы көрсетті. Чемпионатқа 12 студент бақ сынады.
Байқау үш кезең бойынша өтті:
- Кезең Колледжді таныстыру: бейнеролик арқылы таныстырылым
- Кезең Үй тапсырмасы: «Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек» тақырыбындағы бейнеролик
- Кезең «Стационар деңгейіндегі мейіргерлік күтім» ( алгоритм)
Әділқазылар алқасы:
- Муслимбеков Нурболат Қанатұлы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем станциясының аға фельдшері.
- Каленов Бақытжан Оразбекұлы Түркістан облысы, аудандық №15 бекет фельдшері
- Сералиева Ранайкул Темиргалиевна аға мейіргері
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
1-орын – Гусейнова Севинч Курбановна (Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі
2-орын – Алипбай Құралай Ермекқызы (Жетісай жоғары медициналық колледжі)
3-орын – Юлдашева Айда Абдурахманқызы (Жетісай жоғары медициналық колледжі)
Қалған қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.