АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Қыркүйектің 2-жұлдызында Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің студенттеріне барлық оқу орындарында бастау алған «Адалдық сағаты» өткізілді. Оқу орнының білім алушыларына өскелең ұрпақтың бойында жемқорлықтың кез – келген көрінісіне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды құрметтеу, қоғамдық дерт, мемлекет дамуының кертартпасы саналатын бұл құбылыспен қоғам болып күресу, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету мәселелері бойынша баяндама жасалды. Адалдық сағатына колледж директоры Қожабаева Эльмира Аманқұлқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарыбаев Рашид Қуандықұлы, жәнеде Сарыағаш Жастар Ресурстық Орталығының инспекторы Унгарбаев Уалихан мырзаның қатысуымен өтті. Өз кезегінде студенттер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.

There is no gallery selected or the gallery was deleted.