Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде Күз аруы — 2018 байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты: арулардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, жастар арасында ана тіліміздің дамуы мен жандануына үлес қосу, талантты жастарға қолдау көрсету, арулардың қазақ қызына тән ибалылық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін, қолөнерге бейімділігін байқау болып табылады.
Байқаудың шарттарына сай аруларымыз өз өнерлерін ортаға салды. Ең алдымен өзін өзі таныстыру бойынша арулар бойындағы бар өнерлерін паш етті. Ал сұрақ-жауап сайысында аруларымыз өз білімділіктерін шешендіктерін көрсете білді. Өз өнері сайысында бойжеткендер әуелете ән салып, дөңгелене би билеп, сахналық қойылым көрсетіп көпшілікті тәнті етті. Сән үлгісін көрсету барысында жапырақтан, гүлдерден жасалған өзіндік киім үлгісі жиналғандарды таң тамаша етті. Кіл жүйріктер қатысқан байқау аса тартысты өтті.
Байқаудың қортыныдысы бойынша:
Бас жүлдені Мусаева Жасмина
1 – орынды Əшірбай Ақниет
2 – орынды Жумабаева Саёра
3 – орынды Құдайбергенова Эльвира
Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткер аруларымызға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы номинациялар мен ынталандыру сыйлықтары дайындалып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.