Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және Елбасымыздың алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету мақсатында жиын болып өтті.
Сондай-ақ жиында колледж жастарының атынан Гусейнова Мехрибан жолдауда Елбасымыз жастарға сенім білдіргенін айтып, Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің жастары жолдауды қолдайтынын білдірді.